Атырау, 16 шілде 17:18
 ашықВ Атырау +29
$ 525.87
€ 614.37
₽ 6.72

«ҚазМұнайГаз» «Самұрық-Қазына» Қоғамдық кеңесіне есеп берді

539 рет қаралды
«Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің отырысы. Сурет: қордың баспасөз қызметі

20 маусымда Астанада «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қор төрағасы Болат Жәмішев басшылық жасап, қордың портфельдік компаниясы – «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың 2024 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2025 жылға арналған даму жоспарлары ұсынылды.

«ҚазМұнайГаз» — еліміздің мұнай, газ және мұнай-газ химиясы саласындағы жетекші ұлттық компаниясы. Өткен жылы компаниялар тобы елдегі жалпы мұнай өндіру көлемінің 27%-ын, тасымалдау жұмыстарының 57%-ын және қайта өңдеу қуаттарының 80%-ын қамтамасыз етті.

Қордың басқарушы директоры Елжас Отыншиевтің айтуынша, негізгі қаржылық көрсеткіштер оң динамикада дамып келеді. Бос ақша ағыны 2,16 миллиард доллардан 2,55 миллиард долларға өскен. Ал қарыз жүктемесі 8,27 миллиард доллардан 7,55 миллиард долларға қысқарған. Сонымен қатар, компания акцияларының құны IPO-дан кейін 8 406 теңгеден 14 790 теңгеге дейін өскен.

«ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовтың мәліметінше, стратегиялық жобаларға 476 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл инвестициялардың қатарында геологиялық барлау жұмыстары, сондай-ақ қайта өңдеу қуаттарын арттыруға бағытталған жобалар бар. Оларға Кендірлі су тұщыту зауыты мен «Caspi Bitum» зауытының қуатын жылына 500 мың тоннадан 750 мың тонна битумға дейін ұлғайту жатады.

20 маусым, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.