Атырау, 8 шілде 17:13
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Иран президенті Израильмен қақтығысты тоқтатуға шақырды

456 рет қаралды
© РИА Новости / Александр Астафьев

Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеран мен Тель-Авив арасындағы қақтығысты ешқандай шартсыз тоқтату қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Біз әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылдық. Қазіргі жағдайда соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – жаудың агрессиясын сөзсіз доғару және сионистік террористердің авантюралары ешқашан қайталанбайтынына кепілдік алу», – деді Пезешкиан.

Оның айтуынша, егер бұл талаптар орындалмаса, Иран жауабын бұрынғыдан да қатаң етеді.

Масуд Пезешкиан жақында ғана Иран президенті болып сайланған болатын. Бұл — оның аймақтық қауіпсіздік пен сыртқы саясатқа қатысты алғашқы маңызды мәлімдемелерінің бірі. Иран мен Израиль арасындағы жағдай соңғы айларда шиеленісе түсті, екі тарап та бірін-бірі арандатушылық әрекеттерге барды деп айыптап келеді.

Тегеран Батыс елдерін Израильдің әрекеттеріне көз жұма қарап отыр деп жиі сынайды. Ал бұл жолы Пезешкиан халықаралық қауымдастықты нақты әрекетке шақырып отыр.

20 маусым, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.