Атырау, 16 шілде 16:32
 ашықВ Атырау +29
$ 525.87
€ 614.37
₽ 6.72

Ақтөбе – Атырау жолында екі жүк көлігі соқтығысты: зардап шеккендер бар

584 рет қаралды

18 маусым күні Ақтөбе – Атырау жолында екі жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат сағат 18:10 шамасында тас жолдың 577-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Атырау бағытында қозғалып келе жатқан DAF жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.

Оқиға салдарынан DAF жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 маусым, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.