Атырау, 8 шілде 16:11
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

«Ақжайық» резерватында 50 шақырым минералды жолақ жасалды

468 рет қаралды

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында шымтезек өртімен күрес тәулік бойы жалғасуда. Тілсіз жауды тоқтатудың ең тиімді әдістерінің бірі — минералдандырылған бөгет жолағын жасау. Бүгінге дейін өрттің таралуын тежеу мақсатында 50 шақырымға жуық қорғаныс жолағы жыртылып, пайдалануға берілді.

Минералды жолақ — өсімдіктер мен шымтезек қалдықтарынан толық тазартылып, арнайы техникамен жыртылған жер алқабы. Ондай аумақта жанғыш материалдар болмайтындықтан, жалынның одан әрі таралуына табиғи тосқауыл бола алады. Бұл әдіс, әсіресе, шымтезек өрті жағдайында аса тиімді. Себебі мұндай өрт жер астымен байқалмай таралуы мүмкін.

Қазіргі таңда өрт аумағында 130 адам мен 35 техника жұмыс істеуде. Оған қосымша тағы 10 техника жолда келе жатыр. Жедел шаралар Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы мекемелері және резерват әкімшілігінің қатысуымен ұйымдастырылуда.

Минералды бөгеттерді жасау және өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасатын болады.

19 маусым, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.