
Атырау облысында 16-20 маусым аралығында көші-қон заңдарын сақтау мақсатында республикалық «Заңсыз келуші – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы шараның негізгі мақсаты — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сот шешімімен елден шығарылуға тиіс адамдарды анықтау, сондай-ақ көші-қон саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Тек екі күн ішінде 254 құқық бұзушылық тіркелді. Олардың ішінде:
-
Қазақстанда болу мерзімі аяқталған соң елден шықпаған 64 шетелдік,
-
Елден он күннен артық уақыт кетуден жалтарған 114 адам,
-
Визалық режим талаптарын бұзып жұмыс істеген немесе еңбек қызметін рұқсатсыз атқарған 75 адам,
-
Шетел азаматтарын қабылдайтын тұлғалардың заңбұзушылықтары бойынша 90 дерек,
-
Заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартудың 9 жағдайы анықталды.
Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзған 33 шетелдік сот шешімі негізінде Қазақстаннан шығарылды.
Полиция заңсыз көші-қонға қарсы күрес тұрақты түрде жалғасатынын және көші-қон заңдарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.