
Атырау балық инспекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандар Жайық өзені бойында күнделікті бақылау жүргізіп, су астындағы заңсыз балық аулау құралдарын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. 17 маусым күні әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба негізінде инспекторлар Теңдік ауылы маңындағы Жайық өзенінде рейд өткізді.
- "Күзетші-001" кемесі мен моторлы қайықты пайдалана отырып, су астынан 8 дана синтетикалық, заңсыз орнатылған ау құралдары табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша иесіз ау құралдарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады, инспекцияның баспасөз қызметі.
Жайық өзенінде браконьерлік ау құралдарын анықтау жұмыстары жалғасуда. Инспекция азаматтарды, әсіресе уылдырық шашу кезеңінде су ресурстары ерекше қорғалуы қажет уақытта осындай жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ