
Кеше күндіз Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылы маңында Жайық өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Оқиға орнына Атырау облыстық ТЖД құтқарушылары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өзен акваториясы мен жағалау аумағы мұқият тексеріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер мен арнайы техника қатысуда.
Әзірге ер адамның жеке басы анықталмады. Мамандар іздестіру жұмыстарының барысы туралы қосымша ақпарат беретінін хабарлады.
Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ