Атырау, 14 қаңтар 16:55
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Кеңөріс ауылында тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы беріле бастады

506 рет қаралды

Махамбет ауданының шаруалары өткен жылы Жайық өзені күрт көтеріліп, су тасқыны салдарынан үй-жайынан айрылып зардап шеккен болатын. Олардың арасында Кеңөріс елді мекеніндегі шаруашылықпен айналысып отырған 6 отбасы бар. Тасқын кезінде малдарын басқа бағытқа көшіргенімен үйі, аула-қоралары суға кетіп далада қалған. Алайда осы күнге дейін шаруалар өтемақы ала алмай жүрген болатын. 

- Үй-жайымыз апатты деп танылды. Махамбет ауылынан үй салынып беріледі, ал суға кеткен үй, қора онрналасқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару керек деді. Оған біз келіспедік. Махамбет пен Кеңөріс арасы 30-35 шақырым. Мал ауылда, өзіміз аудан орталығында болсақ, шаруамыз қалай үйлеседі? Сотқа жүгінуге тура келді, - дейді фермерлер.

Ақыры аудан әкімшілігі ақшалай көмек беретін болып, зардап шеккендердің мүліктері бағаланды.

- Біз облыстан қаржы сұраттық. Жуырда 42 млн теңге 4 отбасыға берілді, ал 2 отбасыны үймен қамтамасыз ететін болдық, - дейді Махамбет ауданы әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 маусым 2025, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.