Атырау, 16 шілде 16:25
 ашықВ Атырау +29
$ 525.87
€ 614.37
₽ 6.72

Karabatan Utility Solutions компаниясында жаңа тағайындау

500 рет қаралды
Сурет: PetroCouncil.kz

Karabatan Utility Solutions (KUS) ЖШС-нің сатып алуды ұйымдастыру қызметінің бастығы болып Нұрбек Ишанов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мұнай-газ кеңесі хабарлады.

Нұрбек Ишанов – Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша түлегі (2011 ж.), сонымен қатар Geneva Business School-да MBA дәрежесін алған.

Ол мұнай-газ саласындағы еңбек жолын 2012 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да ұңғымаларды жерасты жөндеу және өндіру операторы болып бастаған. 2014–2025 жылдары аралығында сатып алу саласында маманнан бастап тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу департаменті бастығының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда еңбек еткен.

Жаңа қызметке дейін ол «Ембімұнайгаз» АҚ-да сатып алу департаментінің ТЖҚ сатып алу бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

19 маусым, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.