
Жапонияның шығысындағы Хоккайдо аралының жағалауында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы АА Жапонияның Бас метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 08:08-де Хоккайдоның оңтүстік-шығысындағы Немуро түбегі маңындағы су айдынында орын алған. Зілзаланың ошағы жер қыртысының таяз қабатында болған.
NHK мемлекеттік телерадиокомпаниясының хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Сондай-ақ, жер сілкінісінің Хоккайдо аралының шығыс жағалауында шамамен 20 сантиметрге дейін толқын биіктігінің аздаған өзгеруін тудыруы мүмкін екені атап өтілді.