
2025 жылғы 18 маусымда ерекше қорғалатын табиғи аумақта – «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында болған өрт дерегң бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 203-бабы («Табиғи кешендерді қасақана бүлдіру, жою немесе өртеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Тергеуді Атырау полиция басқармасы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бақылауымен жүргізіп жатыр.
— Біз қолда бар барлық фото және бейнематериалдарды жинап, полицияға тапсырдық. Сотқа дейінгі тергеу 17 маусымда басталды және толық бақылауда. Алайда әзірге қорытынды жасауға әлі ерте, — деп хабарлады Атырау облысы бойынша мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Мирас Жалмурзин.
Оның айтуынша, «Ақжайық» резерваты – сирек кездесетін балықтар мен құстар мекендейтін, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер өсетін бірегей аумақ. Бұл аймаққа арнайы рұқсатсыз кіруге заңмен тыйым салынған.
Іс бойынша барлық шаралар прокуратураның ерекше бақылауында. Мониторинг сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен төтенше жағдайлар департаментінен келіп түсетін мәліметтер негізінде жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, тергеу мерзімі екі айды құрайды. Қажет болған жағдайда ол прокуратураның келісімімен ұзартылады.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -3