Атырау, 8 шілде 16:50
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Кұлсары маңында полигондағы өрт сөндірілді

353 рет қаралды

17 маусым күні таңертең Жылыой ауданында ірі өрт шықты. Құлсары–Боранқұл трассасының бойындағы, қаладан 10 шақырым жердегі қоқыс полигоны өртенді.

Өрттің жалпы аумағы 3600 шаршы метрді құрады.

Өрт туралы хабарлама сағат 05:14 шамасында түскен. Өртті толық сөндіру тек сағат 20:30-да мүмкін болды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 2-өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі әзірге нақты белгісіз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 маусым, 02:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.