Атырау, 8 шілде 16:53
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Атырау облысында мопед жүргізушілерінің құжаттары тексерілуде

490 рет қаралды

Атырау облысында мопед иелерінің көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігінің болуын тексеру мақсатында рейдтік шаралар жүргізілуде. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығының бастығы Жеңіс Дәулетов баспасөз мәслихатында хабарлады, – деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жеңіс Дәулетовтің айтуынша, мопедке қатысты заң талаптарын бұзған 300-ге жуық жүргізуші, тіркелмеген көлік құралын басқарғаны үшін 60-тан астам адам және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген 130-ға жуық азамат жауапқа тартылған. Сондай-ақ, 30 мопед иесінде сақтандыру полисі жоқ болса, 25 көлік техникалық байқаудан өтпеген.

– Мопедті тек жүргізуші куәлігімен, техникалық байқаудан өткен, сақтандыруы бар және мемлекеттік тіркеу нөмірі рәсімделген жағдайда ғана басқаруға болады. Бұл талаптар мопедтерді механикалық көлік құралы ретінде заңмен реттеу үшін енгізілді. Талаптарды бұзғандар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің тиісті баптары бойынша жауапқа тартылады, – деді Ж.Дәулетов.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді тіркеу міндеттелді. Тіркелмеген немесе жүргізуші куәлігінсіз басқарылған мопедтерге айыппұл салынады: жүргізуші куәлігі жоқ болса – 91 900 теңге, мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ болса – 18 380 теңге.

2024 жылы өңірде мопед пен скутер жүргізушілеріне қатысты 147 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, биылғы жылдың басынан бері 24 апат болған.

18 маусым, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.