Атырау, 16 шілде 17:05
 ашықВ Атырау +29
$ 525.87
€ 614.37
₽ 6.72

«Ақжайық» резерватындағы өрт: амфибия-экскаватор тартылды​

411 рет қаралды

“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы табиғи өртпен күреске арнайы техника — амфибия-экскаватор жұмылдырылды, деп хабарлады өртке қарсы күрес бойынша құрылған жедел штаб.

Экскаватор Жайық өзенінде жүргізіліп жатқан түп тереңдету жұмыстарынан босатылып, жетуге қиын батпақты аумақтарда минералдық қорғаныс жолақтарын салу үшін қолданылмақ. Бұл әдіс тұтану ошақтарын оқшаулауды және жоюды жылдамдатуға, сондай-ақ өрттің одан әрі таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Өрт сөндіру жұмыстарын жер бедерінің батпақты және шымтезекті болуы күрделендіріп отыр. Мұндай жағдайда сөндірілген оттың қайта тұтану қаупі жоғары. Амфибия техникасын қолдану сынды инженерлік шешім — тиімді әрі қажетті шара.

Өрт сөндіру жұмыстары тәулік бойына үздіксіз жүріп жатыр.

18 маусым, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.