
Атырау облысында бір компания экологиялық рұқсатсыз, кәсіпорыннан үш шақырым жердегі Батыс Ескене станциясы маңында лас суды жер бетіне төкті. Бұл туралы бүгін Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Экологтар тексеру жүргізіп, топырақ пен су үлгілерін алды. Талдау нәтижесінде ластаушы заттардың топырақтағы мөлшері рұқсат етілген нормадан асып кеткені анықталды.
Экология департаменті кәсіпорынға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді. Алайда ЖШС сотқа жүгініп, лас суды төкпегенін мәлімдеді.
Бірінші сатыдағы сот компанияның кейбір талаптарын ішінара қанағаттандырды, бірақ апелляциялық сот істі толық қарастырып, жер асты құбырының ЖШС-ге тиесілі екенін анықтады, ұйғарымның бір бөлігін жою негізсіз деп танып, ЖШС сотта толық жеңілді.
Аппеляциялық соттың шешімі заңды күшіне енді.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА