Атырау, 7 желтоқсан 17:53
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​"Ақжайықта" бақылау мұнараларынан тікелей трансляция қосылды

411 рет қаралды

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өрт ошақтарына мониторингті күшейту және жедел әрекет ету мақсатында бақылау мұнараларынан тікелей бейне трансляция іске қосылды.

Резерват аумағында жағдайды тәулік бойы бақылауға арналған тепловизорлармен және камералармен жабдықталған барлығы үш стационарлық мұнара орнатылған. Бұл мұнаралар 2024 жылы Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша бюджет қаражаты есебінен орнатылды.

Мына сілтеме арқылы тікелей бақылауға болады: https://www.youtube.com/live/CmtFHHCJbOo

Енді әр тұрғын резерват аумағындағы жағдайды жеке қадағалап, түтін немесе өрт белгілерін анықтаған жағдайда бұл туралы шұғыл қызмет көрсету орындарына хабарлай алады.

18 маусым, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.