Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Павлодар мұнай-химия зауыты шілдеге дейін тоқтайды: Жанармай тапшылығы болмай ма?

348 рет қаралды

18 маусымынан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. 

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шаралар Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы мен Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Жөндеу аясында қысыммен жұмыс істейтін 110-нан астам жабдық пен 930-дан астам технологиялық құбыр (жалпы ұзындығы 141 843 метр) техникалық куәландырудан өтеді. Жұмысқа 1 100-ден астам маман мен 107 арнайы техника бірлігі тартылған.

Энергетика министрлігімен келісілген жоспарға сәйкес, мұнай өнімдерін тиеу қалыпты тәртіпте жалғасады. Қазіргі уақытта зауыт қоймаларында мынадай қор жиналған:

  • Бензин – 35 мың тонна
  • Дизель отыны – 45 мың тонна
  • Авиаотын – 14 мың тонна.

Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқа мұнай өңдеу зауыттарында жекелеген мұнай өнімдерінің өндірісі арттырылып отыр. Бұл – ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік маңызы бар салалардың қажеттілігін өтеу үшін қолға алынған шара.

Жоспарлы жөндеу жұмыстары 2025 жылғы 17 шілдеде аяқталады деп күтілуде.

18 маусым, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.