Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«"ҚазМұнайГаз" ҰК»​ АҚ-да жаңа директор тағайындалды

546 рет қаралды
Дина Даниярова, сурет: PRO КАДРЫ KZ

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дина Еділқызы Даниярова «"ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ-ның инвестициялық стратегияны басқару және стратегия департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды PRO КАДРЫ KZ.

Дина Даниярова АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетін «математика және статистика» мамандығы бойынша бітірген. Ұлыбритания мен АҚШ-тағы қаржылық мекемелерде тағылымдамадан өткен.

Ол бұрын Al Falah Capital Partners инвестициялық қорында аналитик және серіктес, сондай-ақ VPE Capital компаниясында басқарушы серіктес болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, ірі жеке капиталды басқаруға маманданған «Family Offices» құрылымында бес жылдан астам уақыт директор қызметін атқарған.

2024 жылғы қаңтардан бастап Даниярова «"ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ-ның бизнес-серіктесі болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар, ол «РФММ» КЕАҚ директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

18 маусым, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.