
Иранның Жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Израильмен ешқашан келіссөз жүргізілмейтінін қатаң мәлімдеп, бұл елге қарсы жауап шараларын жалғастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды АА.
Араб тілінде жарияланған мәлімдемесінде Хаменеи былай деп жазды:
«Террористік сионистік режиммен қатаң күрес жүргізу керек. Біз сионистермен ешқашан келісімге келмейміз».
2025 жылдың 13 маусымында Израиль Иранның бірқатар қалаларындағы ядролық нысандар мен жоғары әскери басшылықтың орналасқан жерлеріне жаппай әуе соққыларын жасады.
Шабуыл салдарынан:
-
Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы,
-
Ислам революциясы сақшылар корпусының бас қолбасшысы,
-
Ядролық зерттеулермен айналысқан 9 маман,
-
Және 224 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Жауап ретінде Иран баллистикалық зымыранмен Израиль аумағына соққы жасады. Ресми деректерге сәйкес, бұл шабуыл салдарынан 24 адам көз жұмып, 500-ден астам адам жарақат алған.
В Атырау +4