
Қалың қамыстың ортасында қалған торай адасып, шыңғырып жүрді.
Естеріңізге сала кетсек, қазір Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ол 13 маусымда бастап жанып, көлемді аумақты өртке орады. Ресми ақпарат бойынша, 805 гектар қамыс өрті оқшауланды. 7 гектар аумақты алып жатқан өрт ошақтарының бірі әлі де бықсып жатыр.
Өртті сөндіруге 110-нан астам адам және 30-ға жуық техника, соның ішінде Ми-8 тікұшағы 100 тоннадан 33 рет су шашты. Жағдайды зерделеу үшін Eurocopter ЕС-033 бортынан әуе барлауы қолданылды.

Қазір оқиға орнында ТЖД-дан 78 құтқарушы мен 11 техника, сондай-ақ "Ақжайық" МТР-дан 26 адам мен 11 техника жұмыс істеп жатыр. ТЖД мәліметінше, елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт болған жерде жедел штаб құрылды. Өртті сөндіру жұмыстарына облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жанабаев басшылық етіп отыр.

Өрт ошақтарының оқшауланғанына қарамастан, Атырау қаласында түтін әлі де кетпеген. Орталықта ол ішінара түтін сейілді, бірақ шағын аудандарда, әсіресе Нұрсаяда иіс әлі бар. Өрт басталғалы қаланы түтін басты, 15 маусымда күкіртсутегінің ШРК асып кеткені тіркелді, кейін қайтадан күйік иісі сезілді.
Облыс әкімдігіндегі штаб отырысында ТЖД, "Ақжайық" МТР және полицияның есептері тыңдалды. Өңір басшысы өрттің шығу себебін анықтауды жеделдетуді және жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды. Өрт ошақтары әлі де бықсып жатқанына байланысты осал учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Айтпақшы, торай қауіпсіз жерге шығарылып, резерват қызметкерлеріне тапсырылды.
Айнұр САПАРОВА
Суретті түсірген автор, Атырау облысы бойынша ТЖД, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау облысы ТЖД-нің видеосы
В Атырау +4