
Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига ел аумағына, әсіресе Киев маңындағы аймақтарға жаппай зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды АА.
X әлеуметтік желісіндегі жазбасында Сибига бұл шабуылдардың G7 саммитімен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин әлемдік көшбасшылар жиналған сәтте әдейі шабуыл жасап, атысты тоқтату жөніндегі үндеулерге толықтай мән бермейтінін көрсетіп отыр.
«Ресей тек бітім жайлы ұсыныстарды қабылдамаудан бөлек, ең жоғарғы деңгейдегі келіссөздер бастамасын да елемей отыр. Оның орнына Киевті атқылап, дипломатияға бет бұрғандай кейіп танытуды жалғастыруда», – деді Сибига.
Министр Ресейдің бұл әрекетін әлемдік көшбасшылардың, әсіресе G7 елдерінің әлсіздігін көрсетуге бағытталған саяси қадам деп атады. Осыған байланысты ол халықаралық қауымдастықты Мәскеуге қарсы нақты әрі батыл әрекетке шақырды.
«Тек нақты ұстаным мен шынайы қысым ғана Путиннің жаңылысқанын дәлелдей алады», – деді ол.
В Атырау -7