Атырау, 7 желтоқсан 17:52
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қызмет пен отбасы жарасқан өмір: ​Атырауда 50 шақты жұп бірге қызмет етеді

Бейнежазба
844 рет қаралды

Атырау облысы полиция департаментінде 46 ерлі-зайыпты жұп құқық қорғау саласында бірге қызмет етеді. Олардың көбісі 23 пен 35 жас аралығындағы мамандар, деп хабарлайды POLISIA.KZ.

Бұл полицейлер отбасылары өзара қолдау көрсетіп, қызметте де, үйде де иық тіресіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді. Сонымен қатар, зейнеткерлікке шыққан тәжірибелі полицейлерден құралған отбасылар да бар.

Мысалы, Ермұхановтар отбасы 45 жыл бірге тату-тәтті өмір сүріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген. Сондай-ақ, 20 жыл бойы бірге қызмет атқарып келе жатқан полиция подполковниктері Фархад Ислямов пен Әйгерім Әбенова жұбы жас қызметкерлер үшін үлгі болып отыр.

Осындай жұптар полициядағы жұмыстың ауыртпалығын бөлісіп, адалдық пен өзара құрметтің үлгісі ретінде саналады.


17 маусым, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.