Атырау, 26 желтоқсан 06:00
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Лукашенко: "Беларусь үшін соғыс тиімді емес"

493 рет қаралды
© РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко елге соғыс тиімді емес екенін, оның орнына халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету маңызды екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости. 

«Біреулер есінен адасып соғысып жатыр, ал біреулерге бұл тиімді болуы мүмкін. Бірақ бізге соғыс керек емес! Ең бастысы – адамдарды тамақтандыру. Азық-түлікке сұраныс артып келеді. Сондықтан біз сүт өнімдерін өндіретін кешендер салуға міндеттіміз», – деп Лукашенконың сөзін келтіреді Беларусь президентінің баспасөз қызметіне жақын  «Пул Первого» Telegram-арнасы.

Лукашенко 14 маусымда Минск облысындағы сүт өнімдері кешеніндегі жиында мал шаруашылығын сақтау мәселесіне қатысты сөз сөйлеп, «Егер соғысты қаламасақ, дұрыс жұмыс істеуіміз керек. Өнім шығарып, оны сатуымыз керек» деді.

Президент соңғы уақытта малдың қырылуына қатысты мәселені бірнеше рет көтеріп, мұндай жағдайлар үшін кінәлілер жазаланатынын ескертті.

17 маусым, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.