
Израильдің бірнеше жойғыш ұшағы 13 маусымда Иранға жасалған әуе шабуылы кезінде Түркияның әуе кеңістігін бұзған. Бұл туралы Hürriyet газетінің шолушысы Ханде Фырат өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады ТАСС.
Түркияның Әуе күштері израильдік ұшақтарды анықтағаннан кейін бірнеше F-16 ұшағын көкке көтеріп, шекара бұзған ұшқыштарға ел аумағынан дереу шығу туралы нұсқау берген. Ұшқыштар бұл бұйрықты бірден орындаған.Бұл оқиға кездейсоқ жағдай ретінде бағаланған.
Сонымен қатар, шолушы Израильдің әскери-әуе күштері көбіне көршілес Сирия мен Ирак аумағы арқылы ұшатынын атап өтті. Сирияда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі (ПВО) болмағандықтан, Израиль тарапынан ешқандай рұқсат сұралмайды. Ал Ирак әуе кеңістігі АҚШ-тың бақылауында және Израильге ашық.
Қауіпсіздік шаралары аясында Түркияның ерте ескерту жүйесі – AWACS ұшақтары – өңірдегі әуе қозғалысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар, Түркияның жойғыш ұшақтары кез келген жағдайда әрекет етуге дайын.
В Атырау -7