Атырау, 26 желтоқсан 05:59
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

​Трамп Тегераннан шұғыл кетуге шақырды

534 рет қаралды
Сурет: Kevin Lamarque / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға ядролық бағдарлама жөніндегі келісімді қол қою керек еді деп мәлімдеп, баршасын Тегераннан дереу эвакуациялануға шақырды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Коммерсантъ.

«Иран мен айтқан "келісімге" қол қоюы керек еді. Қандай өкінішті, қаншама адамның өмірі босқа кетуде. Айтарым — Иранның ядролық қаруы болмауы керек. Мұны мен қайта-қайта айтып келемін! Барлығы Тегераннан дереу кетуі тиіс!» — деп жазды Трамп.

13 маусымға қараған түні Израиль әскери операцияны бастады. Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына зымырандық соққылар жасады. Бұған жауап ретінде Иран да бірнеше зымыран шабуылдарын ұйымдастырды.

Қарулы қақтығыстың ушығуы АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің 15 маусымға жоспарланған жаңа кезеңінің бұзылуына себеп болды.

Осы оқиғалардан кейін Трамп Иранды бірнеше рет келіссөздерге қайта оралуға шақырды. Алайда Иран тарапы Израиль Иранға шабуыл жасап жатқанда АҚШ-пен келіссөздер жүргізудің мәні жоқ екенін мәлімдеді.

17 маусым, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.