Атырау, 8 желтоқсан 16:20
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Сиань мен Алматы арасында туристік бағыт ашылды

429 рет қаралды

29 мамырда Сиань қаласынан «Сиань – Алматы» бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шығады. Бұл бастама «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында ұйымдастырылып отыр. Пойыз Алматыға 31 мамырда жетеді деп жоспарланған. Қонақтар еліміздің оңтүстік астанасында 5 күн болады. 

Делегация құрамында 250-ден астам адам бар: мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина және спорт саласының өкілдері мен туристер. Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді.

Қонақтар үшін арнайы мәдени және іскерлік бағдарлама дайындалған:
– ресми қарсы алу рәсімі;
– «Шэньси – Алматы» апталығының ашылуы;
– жәрмеңкелер, симпозиумдар мен іскерлік кездесулер;
– Алматының көрікті жерлеріне экскурсиялар.

Туристік пойыздың кері бағыттағы сапары 5 маусымға жоспарланған.

Бұл жоба Қытай Халық Республикасы мен Қазақстанның мемлекетттік ведомстволары, ұлттық компаниялар және туроператорлардың қолдауымен жүзеге асырылуда.

28 мамыр, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.