Атырау, 8 желтоқсан 16:20
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Астана – Жезқазған» пойызында сәби дүниеге келді

356 рет қаралды
Альвина Пернабаева сәбиіменү Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі

27 мамыр күні таңертең «Астана – Жезқазған» бағытындағы №66 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді. Жүктілігінің соңғы кезеңінде болған жолаушы Альвина Пернабаева сапар кезінде толғақ басталғанын сезіп, жолсеріктерден жедел көмек сұрады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі. 

Пойыз бастығы Киікбай Маханов пен вагон жолсерігі Алтынай Ғафиуллина шұғыл түрде әрекет етіп, босануға қолайлы жағдай жасау үшін қызметтік нұсқаулыққа сай барлық қажетті шараларды қабылдады.

Сонымен қатар, көмекке Сәтпаев қаласынан шыққан фельдшер мен балабақшада жұмыс істейтін жолаушылар да атсалысты. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 06:20-де қыз бала дүниеге аман-есен келді.

Жеңіс станциясына жедел жәрдем тобы алдын ала шақырылып, пойыз келген бетте ана мен жаңа туған сәби медициналық бақылауға алынды.

Жаңа туған сәбидің әкесі Әлихан Жаналин дер кезінде көмек көрсеткен барлық азаматтарға шын жүректен алғыс білдірді. Ол сондай-ақ, дүниеге келген қызына Асылым есімі берілгенін қуана хабарлады.

Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Соңғы 3 жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 15 сәби дүниеге келген.

28 мамыр, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.