Атырау, 8 желтоқсан 16:23
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Абай облысында жергілікті атқарушы орган балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты үнемдеуге тырысқан

296 рет қаралды
Фото: freepik.com

Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманың сақталуын талдау барысында әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге қатысты бұзушылықтарды анықтады.
 
Н.Островский атындағы орта мектепте 234 аз қамтылған отбасы балаларына арналғаныстық тамақтың құны 70 теңгеге негізсіз төмендетілгені анықталды. Білім басқармасы белгілеген норма бойынша 1 балаға күніне 660 теңге болуы тиіс еді.
 
Осыған ұқсас бұзушылық Бородулиха колледжінде анықталды, онда 167 студент оқиды, оның ішінде 75 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.
 
Аудан прокуратурасының наразылықтарынан кейін заңсыз сатып алулар жойылып, жаңа талаптарға сәйкес жарияланды, балалардың құқықтары қалпына келтірілді.

28 мамыр, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.