Атырау, 18 маусым 22:14
 дождьВ Атырау +28.4
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

ІІМ: Алматыда жасырын есірткі зертханасы жойылды

420 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында жасырын есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Ұсталғандар Алғабас ықшамауданында жеке үйді жалға алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында қылмыстық схеманың басқа да қатысушылары анықталып, ұсталды. Олар есірткі дайындаушылар, интернет-ресурс курьері және есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің иесі, яғни ұйымдастырушы. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

27 мамыр 2025, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.