Атырау, 29 қазан 12:28
 дождьВ Атырау +10.2
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

647 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.

26 мамыр 2025, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.