
Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Ауқымды статистикалық зерттеу 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді. Оның мақсаты – елдің аграрлық секторының жай-күйіне қатысты өзекті деректер жинау.
Санақ екі кезеңнен тұрады:
- 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама өткізіледі. Респонденттер санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады.
- 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында интервьюерлер онлайн сауалнамаға қатыспаған үй шаруашылықтарына барып, қажетті ақпарат жинайды.
Бұған дейін 1-30 маусымда, еліміздің 70 қаласында алдын ала тізімдеу (листинг) жұмыстары жүргізіледі. Бұл респонденттер тізімін нақтылауға бағытталған.
Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев барлық азаматтарды санаққа белсенді қатысуға шақырды. Оның айтуынша, жоба тек статистикалық шара ғана емес, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі, фермерлерді қолдау және аймақтарды дамыту шешімдерінің негізі болып табылады.
Сауалнамаға:
- Өсімдік, мал және балық шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар, ЖК, фермерлік қожалықтар қатысады.
- Жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін, бақшасы мен жер учаскесі бар, мал ұстайтын үй шаруашылықтары сұралады.
Санақ 2 миллионға жуық үй шаруашылығын және 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамтиды. Оны өткізу үшін 3700-ден астам интервьюер тартылған.
Азаматтардың қолайлығы үшін:
- Ауылдық әкімдіктер мен аудандық статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылады.
- 1446 байланыс орталығы мен sanaq.gov.kz сайтындағы sanaq-Myrza виртуалды көмекшісі арқылы кеңес алуға болады.
В Атырау 0