Атырау, 5 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қашағандағы ГӨЗ: апталық инспекция жасалды

376 рет қаралды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына апталық инспекция жасады. 

Іссапар барысында Б.Тергеусізов жобаның қазіргі жағдайымен, құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдерімен және объектіде қолданылатын техникалық шешімдермен танысты. Ол сондай-ақ жобаның қатысушыларымен апталық өндірістік кеңеске қатысып, жұмыс кестесі мен алаңдағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады. 

Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 1600-ден астам адам мен 304 техника дана жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік бойынша тұрақты аудиттер мен қызметкерлер үшін оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі.
 

Құрылыс-монтаж жұмысы бойынша прогресс: 

  • Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары – 42 956 м³ (жоспар 72 447 м³), прогресс 59,3%.
  • Металл конструкцияларының монтажы – 2 640тонна (жоспар 19 830 тонна), прогресс 13,3%.
  • Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 2 911 тонна, прогресс 31,5%.
  • Резервуарларды монтаждау – 454 тонна (жоспар 2 705 тонна) прогресс 16,8%.
  • Жерасты құбырларының монтажы – 14 217 м (жоспар 56 447 м) прогресс 25,2%.

 Қашағандағы ГӨЗ құрылысы кестеге сай жүруде. 


26 мамыр, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.