Атырау, 5 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​KMG Barlau​ Атырау облысындағы болашағы зор "Береке" учаскесінде сейсмобарлауды бастайды

559 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

«ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны  - KMG Barlau маусым айында Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан «Береке» учаскесінде 3D CMP сейсмикалық барлау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Нефть и газ Казахстана Telegram арнасы.

Жылыой ауданында алып Теңіз мұнай-газ кеніші игеріліп жатыр. «Береке» учаскесінің болжамды геологиялық ресурстары шамамен 324,3 миллион тонна мұнай мен 128,6 миллиард текше метр газды құрайды. Учаскедегі жұмыстар 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың қаңтарына дейін жүргізіледі. Компания 12 км тереңдіктегі жер асты қабаттары туралы геологиялық ақпарат алуды жоспарлап отыр.

26 мамыр, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.