
Қазақстанда автокөлік саудасы қызып тұр, ал 2025 жылдың сәуір айының аяғына қарай Chevrolet Cobalt көп саудаланды. LS хабарлағандай, Қазақстан автомобиль көлігі одағының (ҚАО) деректері бойынша небәрі бір айда 19,2 мың жеңіл және коммерциялық көлік сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,9%-ға артық.
Қаңтардан бастап сәуірді қоса алғанда, қазақстандықтар 66,1 мың автокөлік сатып алды (+ 23,3%). Олардың көпшілігі жергілікті жерде құрастырылған модельдер.
Үш айдан бері көлік саудасында көш бастап тұрған Chevrolet Cobalt-тың сәуірде 2,2 мың данасы сатылды. Екінші орында Hyundai Tucson (1,8 мың) тұр, ал үшінші орында Kia Sportage тұр.
Үздік ондыққа сонымен қатар:
- Hyundai Mufasa — 745 бірлік
- Hyundai Elantra — 580 бірлік
- Hyundai Santa Fe — 548 бірлік
- Chery Tiggo 7 Pro — 538 бірлік
- Kia K5 — 495 бірлік
- Haval M6 — 456 бірлік
- Geely Coolray — 393 бірлік
Өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда жағдай аздап өзгерді. Үздік үштік өзгеріссіз қалды, бірақ Jac J7, Chery Tiggo 2, Kia Sorento және Changan Alsvin сияқты модельдер рейтингтегі орындарынан төмендеп қалды.
В Атырау 0