
Түркістан облысы Жетісай ауданының соты жанар жағар май автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, нәтижесінде бекеттің оңтүстік шығысында тұрған екі адам өрткекүйіп, абайсызда олардың өлімдеріне алып келген екі адамға қатысты үкім шығарды.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда 2 адамның өліміне алып келген сотталушылардың кінәлі екендерін дәлелдеді.
29.04.2025ж. сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірлерін алып кеткен қылмыс жасаған «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау 0