
15 мамыр күні таңертең Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектеп аумағында жазатайым оқиға орын алды. Бірінші сынып оқушысы сырттағы жаттығу құрылғысын қолданған кезде ауыр қол жарақатын алды – металл құрылым оның саусақтарын қысып қалған. Нәтижесінде қыз баланың бір қолының саусақ бөлігі ампутацияланып, екінші қолының аты жоқ саусағы сынғаны анықталды.
Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, қайғылы оқиға сабақ басталуына бірнеше минут қалғанда болған. Сынып жетекшісі оқушыларды жаттығу құрылғыларына апарған, алайда бұл жабдық жоғары сынып оқушыларына арналған және оны төменгі сынып оқушыларының қолдануына тыйым салынған.
Жаттығу құрылғылары 2019 жылы мектеп аумағына орнатылған, бірақ олардың мектеп балансына алынбағаны анықталды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Жанна Құлбатырова оқиға кезінде құрылғының ақаусыз болғанын, бірақ оны төменгі сынып оқушыларының қолдануы нұсқаулыққа қайшы екенін түсіндірді. Оқиғадан кейін шұғыл жедел дәрдем шақырылды, ал 16 мамырда ата-анасы полицияға арыз түсірді.
Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы («Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау 0