
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км. жерде орналасқан. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 4,3 баллды құраған.
Жер сілкінісінің ошағы облыс орталығынан солтүстікке қарай 16 шақырым жерде Қаратал ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Координаттары - 45,167 ° N 78,349 ° E. Гипоцентрдің тереңдігі 10 км.

ҚР ТЖМ Сейсмологиялык зерттеу институтының ақпараты бойынша сезілетіндігі туралы мәліметтер:
- Талдықорған қ. - 4.0 б.
- Балпық-Би а. - 4.0 б.
- Қарабұлақ к. - 3.0 б.
- Үштөбе қ. - 3.0 б.
- Текели қ. - 2.0 б.
- Сарыөзек а. - 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер анықталуда.
В Атырау 0