
2025 жылғы 28 сәуірдегі ҚР Президентінің №862 Жарлығы негізінде Атырау қаласынан 61 ана “Алтын алқа” және “Күміс алқа” мемлекеттік наградаларымен марапатталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік наградаларды аналарымызға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов салтанатты түрде табыстады.
- “Алтын алқа” – жеті және одан да көп бала тәрбиелеп өсірген аналарға
- “Күміс алқа” – алты бала тәрбиелеген аналарға беріледі
“Көп балалы аналар — елдің берекесі, мемлекеттің тірегі. Сіздердің еңбектеріңіз – ұлт болашағы үшін сіңірілген шексіз еңбек” – деді өз сөзінде қала әкімінің орынбасары.
Бұл күн – батыр аналарымызға деген құрметтің жарқын белгісі.
В Атырау 0