
«Теңізшевройл» ЖШС-нде жаңа өндіріс басшысы тағайындалды.
Жаңа менеджер – мұнай-газ саласында жиырма жылдан астам қызмет еткен тәжірибелі инженер Трэвис Флауерс, деп хабарлайды PetroCouncil.
Трэвис Флауерс 1998 жылы Colorado School of Mines Колорадо университетін бітірген. Еңбек жолын Аляскада инженер болып бастады, содан бері 24 жыл ішінде Техас, Луизиана, Ангола және Индонезиядағы Chevron өндіріс орындарында жауапты қызметтерде жұмыс істеді.
ТШО-ға тағайындалғанға дейін ол Хьюстондағы Chevron мекемесінде өндіріс қызметінің қауіпсіздігі жөніндегі бас менеджері қызметін атқарған.
В Атырау +4