Атырау, 8 желтоқсан 15:58
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау әкімдігі: «Еркінқаладағы су құбыры – жекеменшік емес»

864 рет қаралды
Сурет ChatGPT арқылы жасалған

Әлеуметтік желілерде Еркінқала тұрғындарының суару құбырын пайдалана алмауына қатысты шағымданған видео пайда болды. Роликте құбырдың жекеменшікке өткендігі айтылған.  Осы мәселені нақтылау үшін біз қала әкімдігінен түсініктеме сұрадық.

Бізге хабарланғандай, округте сорғы станциясын орнату, маусымдық жазғы су құбырын төсеу және трансформатор монтаждау жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта су құбырларға қысыммен берілуде.

Бұрын төтенше жағдайдың салдарын жою кезінде ауыр техниканы қолдану барысында құбыр желісінің кейбір учаскелері зақымданған. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарын мердігер «Индустрия-2050» ЖШС және демеуші «Иманбаев Н» ЖК жүргізуде.

Жоспарға сәйкес, алдымен әлеуметтік нысандар — Еркінқала мектебі мен №37 «Болашақ» балабақшасы жүйеге қосылады. Жеке үйлердің қосылуы кейінірек, есептеу құралдары орнатылған соң басталады.

Әкімдік тұрғындарды қазіргі жұмыстарға түсіністікпен қарауға және әлеуметтік желілерде таралған тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Айнұр САПАРОВА

23 мамыр, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.