Атырау, 29 қазан 13:32
 дождьВ Атырау +10.2
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

​Тоқаев ҰҚК басшысының есебін тыңдады: терроризм, қылмыс және кибер шабуылдармен күрес

1 037 рет қаралды

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдап, ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есебін тыңдапды.  

Мемлекет қауіпсіздігі

  • 43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергеліп жатыр, 
  • терроризм мен экстремизмге қатысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеді, 
  • радикалды ұйымдарға мүше 1498 шетелдік адамның елімізге келуіне шектеу қойылды. 
  • террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 12 шетелдік азамат ұсталды. 

Қылмысқа қарсы күрес

  • 13 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, олардың 142 мүшесі ұсталған және 40 азамат тұтқындалған,
  • заңсыз айналымда жүрген 282 атыс қаруы, 48 граната мен 4586 оқ-дәрі тәркіленген. 
  • есірткі өндіретін 12 зертхана, сондай-ақ 13 халықаралық және 12 өңірлік тасымал арнасы жойылған. 
  • заңсыз айналымнан 3,2 тонна есірткі мен психотропты заттар, 7,5 тонна прекурсорлар алынды. 

Сыбайлас жемқорлық

  • жемқорлық пен құқыққа қайшы басқа да әрекет жасаған мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін 15 лауазымды тұлға құрықталды,
  • 1,6 триллионнан аса теңге көлемінде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, оның 220 миллиард теңгесі қазынаға қайтарылды.

Шекара және киберқауіпсіздік

  • шекараны бұзған 16 мыңнан астам адам ұсталып, 3025 тұлға елден шығарылды,
  • қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 600-ден аса факті әшкереленді,
  • шекара арқылы 11 миллиард теңге мен құны 16,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз алып өтуге жол берілмеді,
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жасалған 796 миллион кибершабуыл әшкереленген.

Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

23 мамыр 2025, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.