Атырау, 8 желтоқсан 15:58
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда жүргізуші куәлігінсіз жүрген мопед иесінен көлік тәркіленді

777 рет қаралды

Тәркіленген мопед, «АЖ» коллажы

Облыстық полиция департаментінің Telegram чатында Зейнолла Ғұмаров көшесіндегі тұрғындар мопед иесіне шағымданды. Олар мопедтің қозғалтқышы тым қатты шу шығарып, тыныштықты бұзғанын айтады.

Видеороликте мопед жүргізушісінің қос тұтас сызықты кесіп өткенін көруге болады. Бірнеше сағаттан кейін құқық қорғау органдары мопедтің тәркіленіп, айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Оның иесіне жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 612-бабының 2-бөлігі).

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

23 мамыр, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.