Атырау, 8 желтоқсан 03:28
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешеніндегі қабырғалар сапасыз боп шықты

Бейнежазба
922 рет қаралды

Видеодан стоп-кадр

Тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары пәтерлердегі солқылдап тұрған қабырғаларына шағымданды. Бұл ақпарат журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланды.

Арна авторының айтуынша, бұл хабарлама жаңа тұрғын үй кешеніндегі құрылыс сапасына алаңдаған Атырау тұрғындарынан келіп түскен. Хабарламаға видео қоса берілген, онда қабырғаларды ұстаған кезде айтарлықтай қозғалып тұрғаны анық көрінеді.

Құрылыс компаниясының атауы «Б» әрпінен басталып, «С»-мен аяқталады, бұл сипаттама Bazis-A құрылыс компаниясына сәйкес келеді.

Компанияның ресми сайтында көрсетілген anticorruption@bazis.kz жедел желісіне ресми сауад жолдадық, бірақ жауап әлі келген жоқ.

МСҚБ мәлімдемесінде бейнежазбадағы тұрғын үй кешенінің нақты атауын анықтау мүмкін емес екені айтылған. Дегенмен, ведомство Bazis-A компаниясы Атырауда «Думан» тұрғын үй кешенін салып жатқанын және оған қажетті рұқсат құжаттарының бар екенін растады. 

Айнұр САПАРОВА

23 мамыр, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.