Атырау, 5 желтоқсан 08:02
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Экологтар NCOC жобасын сынға алды: теңіз түбін тереңдету жұмыстары Каспий экожүйесіне қауіп төндіруде

833 рет қаралды
«Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының директоры Галина Чернова

Дамбы ауылында NCOC компаниясы жүргізіп жатқан Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде түбін тереңдету жұмыстарына арналған қоғамдық тыңдау өтті. Компания бұл жұмыстардың теңіз ортасына елеусіз әсер ететінін мәлімдегенімен, экологтар мен қоғам белсенділері жобаны қатты сынға алды, деп хабарлайды Lada.kz.

Save the Caspian Sea қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, «Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының атқарушы директоры Галина Чернова бұл жұмыстар Каспийдің осал экожүйесіне ауқымды қауіп төндіріп отырғанын атап өтті.

«Компания шу мен жарықтың әсері аз екенін айтады. Бірақ ғылыми зерттеулер басқаша көрсетеді: 140 децибелден жоғары шу балықтардың бағдарын бұзады, ал жасанды жарық зоопланктонның биологиялық ырғақтарын өзгертіп, қоректік тізбекке кері әсер етеді», – деді Галина Чернова.

Экологтар бекіре балықтарының тағдырына алаңдаулы. Компания есебінде олар бұл аймақта сирек кездесетін түр ретінде көрсетілсе де, мамандар бір ғана бекіренің пайда болуының өзі аймақты экологиялық тұрғыдан қауіпті ететінін айтуда.

Сонымен қатар, бұған дейін бір реттік деп жарияланған жұмыстардың қайта басталуына сын айтылды. 2021-2022 жылдардағы тыңдауларда экологтар Каспийдің жедел тайыздану қаупі туралы ескерткен болатын, алайда компания бұл тәуекелді 1% ғана деп бағалаған. Бүгінде мамандар бұл есептеудің қателігі анық көрініп тұрғанын атап өтті.

«Ризктерді ресми математикалық модельдермен емес, нақты ғылыми деректер мен ұзақ мерзімді бақылаулар негізінде бағалау керек», – деді Галина Чернова.

Қорытындысында тыңдау қатысушылары тәуелсіз экологиялық аудит жүргізілмейінше және Атырау тұрғындары ашық әрі негізделген қорытынды алмайынша жобаны қолдаудан бас тартуға шақырды.

23 мамыр, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.