
Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 100 млн теңгеден астам соманы бюджетке төлемеген 25 жер қойнауын пайдаланушыларды анықтады.
Жер қойнауын пайдалану шарттарына сәйкес, бұл қаражат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталуы тиіс болған.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде көрсетілген сома жер қойнауын пайдаланушылармен толық көлемде төленді.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
В Атырау -2