Атырау, 23 маусым 09:01
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Молдовада оппозиция парламент отырысына бойкот жариялады

298 рет қаралды
© Sputnik / Михай Карауш

Оппозициялық "Победа" партиясы бұл әрекетті авторитарлық билік әдістеріне қарсылық ретінде ұйымдастырғанын мәлімдеді. Олар Гагаузия тұрғындары мен аймақ басшысы Евгения Гуцулға қолдау көрсету мақсатында осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды РИА Новости.

Оппозиция өкілдері Молдова билігінің заңды жүйелі түрде бұзуы және демократиялық қағидаларды елемеуі заң шығару процесінің маңызын төмендетіп отырғанын атап өтті.

Гагаузия басшысы Евгения Гуцулдың үйқамаққа алынуы оппозицияның негізгі наразылықтарының бірі болып отыр. Парламенттік көпшілік өз мүдделерін алға тартып, халықтың қажеттіліктерін елемейді. Оппозицияның бастамалары жиі ескерусіз қалады, ал парламенттік отырыстар формалды сипатқа ие.

Сонымен қатар, Кишинев билігі 30 күн бойы наразылық акцияларын өткізуге тыйым салуды және сайлау алдында кандидаттарды тіркеуден бас тарту құқығын кеңейтуді көздеп отыр. Бұл шешімдер саяси оппозицияға қысым көрсету әрекеті ретінде бағалануда.

22 мамыр, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.