
Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтарына арналған оқу басталды.
Бағдарлама жұмысшылардың кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бастама Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іске асырылуда.
29 мамырға дейін жалғасатын оқуға:
- «Өзенмұнайгаз» АҚ
- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
- «Ембімұнайгаз» АҚ
- «Қазақтүрікмұнай» ЖШС
- «ҚазТрансОйл» АҚ
- «ПМХЗ» ЖШС
- «ПҚОП» ЖШС
- «CASPI BITUM» БК» ЖШС
- «ӨзенМұнайСервис» ЖШС
- «OSC» ЖШС
- «OCC» ЖШС және басқа да еншілес мекемелерден 270 маман қатысып жатыр.
Бағдарлама мынадай тақырыптар бойынша модульдерді қамтиды: біліктілікті арттыру, командалық көшбасшылық негіздері (NCCER халықаралық сертификаты бар), ысырапсыз өндіріс, қауіпсіздік мәдениеті, цифрлық және қаржы сауаты, мұнай-газ саласының экономикасы, қиын жағдайда стресті басқару және қызметкерлердің денсаулығы.
Бағдарлама аясында қатысушылар «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-де (KPI) және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің Атырау филиалындағы кернді талдау зертханасында болды.
