
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясының шекарасында жүргізілетін жөндеу жұмыстары туралы хабарлайды.
19-29 мамыр аралығында Ресейден Қазақстанға өтетін "Маштаково" өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенінің негізін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
19 мамыр - 30 қараша аралығында Ресейдің уәкілетті органдары "Теплое" өткізу пунктінде жол төсемін жөндеуді жоспарлап отыр.
Жөндеу жұмыстары кезінде өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, бірақ "Сырым" және "Тасқала" өткізу бекеттері маңында көлік қозғалысында уақытша қиындықтар туындауы мүмкін.
Осыған байланысты МКК тасымалдаушыларға маршруттарын алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдалануды ұсынады.