
Грекияның Крит аралы жағалауында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды АА.
Афинаның геодинамикалық институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 22 мамыр күні сағат 06:19-да тіркелген. Ол Крит аралынан солтүстік-шығысқа қарай 79 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің ошағы 40 км тереңдікте болған.
22 мамыр, 12:33