
Мақат ауданы Мақат кентінде №1, №2, №3 және “№4 кәріз сорғы станцияларында күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстар кәріз жүйесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мердігер мекеме - «Жанибек-Айдос» ЖШС. Мақат аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрболат Булековтың айтуынша, 1974 жылы салынған бұл кәріз айдау станциясының ішкі шахталары, электр желілері, кәріз және су құбырлары істен шығып, біраз қиындық туғызған болатын.
- Қазір станциялардағы сорғы қондырғылары мен инженерлік желілер толық жаңартылып, автоматтандырылған басқару жүйелері орнатылуда. Электр желілері де қайта жабдықталады, - деді Бөлеков.
Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жоба толық аяқталған соң тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсарып, төтенше жағдайлардың туындау қаупі төмендемек.
В Атырау -1